ҰОК Бас ассамблеясының отырысы өтті

492

Ұйымның бас хатшысы сайланды.

ҰОК Бас ассамблеясының отырысы өтті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының отырысы сырттай өтті. Ұйымның ең жоғарғы басқарушы органы бірқатар маңызды мәселені талқылады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Біздің қызметіміз спортшылармен, оларға сапалы жағдай жасап, допинг мәселесіне нөлдік төзімділік танытумен тікелей байланысты. Бұл біздің ең негізгі басымдығымыз. Қазіргі жағдайлардың бәрін есепке ала отырып, Токиодағы Олимпиада ойындарына дейін қауіпсіз және толыққанды жаттығу процесін ұйымдастыруымыз керек. Бас Ассамблеяның жаңа форматтағы отырысын биыл екінші рет өткізіп отырмыз. Жаңа формат әлемдік спорт саласындағы өзгерістерге қатысты тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді", - деді Ұлттық олимпиадалық комитет президенті Тимур Құлыбаев. 

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – ұйымның бас хатшысын сайлау да осы отырыста қаралды. Нәтижесінде,  ҚР ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев ұсынған Андрей Крюковтың кандидатурасы Бас Ассамблея жұмысы барысында бекітілді. Ассамблея отырысында ҰОК президенті мен басқа да қызметкерлер Андрей Крюковті қызметке тағайындалуымен құттықтады. 

"Андрей Крюковті Қазақстан ҰОК бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтай отырып, оған әрі қарайғы жұмысында табыс тілеймін. Ұлттық Олимпиадалық комитет Бас ассамблеясының маңызды мәселелер бойынша  бірауыздан шешім қабылдауы ұлттық спорттық федерациялардың бірлескен еңбегін, ҰОК-тің барлық аспектілер бойынша жауапкершілікті мойнына алғанын және қолдауын көрсетеді. Бас Ассамблея қатысушыларының барлығына жемісті еңбегі үшін алғысымды айтқым келеді", - деді ҰОК басшысы. 

Бұдан бөлек, Бас Ассамблея жұмысы барысында кейбір федерациялардың мүшелігіне қатысты сұрақтар талқыланды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу