ҰОК басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1406

1991 жылы 16 желтоқсан күні Жоғарғы Сот Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. 

ҰОК басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Осы орайда, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Халқымыздың бостандыққа деген берік сенімі мен ұлылық салтанат құрған бұл мерекеде біз қазіргі егемен Қазақстанның негізін қалаушыларға шексіз алғыс білдіреміз. Әрбір азамат үшін бұл бірлік, ынтымақ, достық пен Қазақстан қоғамының барлық салада алға басуын білдіретін жарқын мейрам екені сөзсіз. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, береке-бірлік тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін жасаған әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін! Ізгі ниетпен, Тимур Құлыбаев"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу