ҰОК біздің елімізде ерекше рөл атқарады – Тоқаев

859

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығымен құттықтады.

ҰОК біздің елімізде ерекше рөл атқарады – Тоқаев Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің 30 жылдығымен құттықтады.

"Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ұйым біздің елде ерекше рөл атқарады. Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау арқылы ұйым жастар арасында спортты насихаттауға және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосады. Нәтижесінде біздің спортшылар көптеген ірі жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуде. Олар Олимпиада ойындарында, Әлем чемпионаттарында және Азия чемпионаттарында жүздеген марапаттарға ие болды. Чемпиондарымыздың есімдері әлемдік спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылған", - деді Президент.

Қазақстан жоғары деңгейде Қысқы Азия ойындарын, Универсиаданы, әлем және құрлықтық чемпионаттарды өткізді. Еліміздің күш-жігерін әлемдік қауымдастық жоғары бағалады, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Мемлекет әрқашан олимпиадалық қозғалыстың дамуына ерекше назар аударатын болады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейтеміз", - деді Президент.

Еске салайық, Тимур Құлыбаев ҚР ҰОК президенті болып қайта сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу