ҰОК президенті Қайрат Боранбаевты "Қайрат" клубының чемпиондық атағымен құттықтады

445

Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев "Қайрат" футбол клубы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевты 2020 жылғы маусымда чемпиондық атақты иеленуімен құттықтады. Құттықтау сөз ҰОК сайтында жарияланды.  

ҰОК президенті Қайрат Боранбаевты "Қайрат" клубының чемпиондық атағымен құттықтады

"Қадірлі Қайрат Советаевич! "Қайрат" клубының футболдан Қазақстан Премьер-лига командалары арасында жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймын!

Команданың чемпиондық атағын жанкүйерлер 16 жыл күтті және бұл жеңіс пен қайта түлеген клуб дәстүрі әрбір алматылық үшін өте қымбат. Қазақстандық жанкүйерлердің бірнеше буынын өсірген команда бүгінде отандық футболдың жаңа тарихын жазуда. 

Табысты менеджмент, барлық сұраққа стратегиялық жауап таьу дәне Сіздің басшы ретіндегі талантыңыз команданы заңды түрде чемпиондық атаққа алып келді. Сіз елімізде алғаш болып тиімді және заманауи басқару жүйесін енгізіп, клубтың инфрақұрылы мен резервке ерекше көңіл бөлдіңіз. Бүгінде жас футболшыларды дайындау жөніндегі Академия сәтті өнер көрсетіп, мұндағы түлеклер бірінші команданың құрамында сынға түсіп жүр. 

Екі жыл бұрын тек қана қазақстандық футболшылармен ел Кубогін ұтып алғанда да Сіз өз таланттарымызбен бәрін де жеңуге болатынын дәлелдедіңіз. 

Клубтың негізгі құрамына арналған ультразаманауи оқу-жаттығу базасының құрылысы өзін ақтап қана қоймай, болашақ жеңістердің мықты іргетасын қалады. 

Бірнеше жыл көлемінде біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында мемлекеттік дотацияларға тәуелді болмаған "Қайрат" футбол клубының жетістігіне куә болдық. Сондықтан, бұл жеңістің орны ерекше. Сіз таңдаған басқару моделі өзге де отандық клубтар мен аймақтарға үлгі болады деп сенемін. 

Маңызды жеңіске байланысты шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. "Қайрат" футбол клубының ойыншылары мен қызметкерлеріне жаңа Еурокубоктік кезеңде табыс пен жеңіс тілеймін! Сіздердің стадиондарыңыз нағыз жанкүйерлер мен халық командасының қолдаушыларына толы болсын", – деп жазылған құттықтауда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу