ҰОК президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1522

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.   

ҰОК президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті қазақстандықтар!

"Сіздерді мемлекетіміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Бұл айтулы күн – қазақстандықтар үшін ең маңызды  мереке. Дәл осы күні тәуелсіз еліміз мемлекеттіктің дамуы мен құрылуы тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басты. Тәуелсіздік мерекесі – Отанымызға деген махаббат, мақтаныш пен патриоттық  сезімдерді бойымызға сіңірген мереке. Бұл күні еркін де тәуелсіз республикамызда бейбіт өмір сүріп жатқан халқымыз – түрлі этнос өкілдері өзінің мәдени әрі этностық әдеп-ғұрыптарын паш етеді. Салтанатты мереке қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, жақсылық, істеріңізге табыс тілеймін! Iзгі ниетпен, Тимур Құлыбаев", - делінген құттықтау жеделхатында.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу