ҰОК: Үздік спортшыға дауыс беріп үлгеріңіз

1038

ҰОК: Үздік спортшыға дауыс беріп үлгеріңіз

2018 жылғы Ұлттық спорттық жүлденің дауыс беру мерзімінің аяқталуына бір аптадан аз уақыт қалды. 3 жетоқсан күні сағат 23:59-да дауыс беру тоқтатылады. 19 қарашадан бастап бүгінге дейін 116 мың дауыс қабылданды, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстан ҰОК спорттық жүлдесі биыл төртінші рет өткелі отыр. Жылдағы дәстүр бойынша жеңімпаздарды жанкүйерлер анықтайды. ҚР ҰОК ресми сайты www.olympic.kz-те тоғыз аталым бойынша дауыс беру жалғасуда. Сайтта 2018 жылы толағай табыса жеткен спортшылар тізімі жасақталған. 

Кейбір аталымдарда өзгелерді шаң қаптырып кеткен үздіктер сұлбасы анықталып қойды, ал басқаларында жеңімпаздар арасын санаулы ұпайлар ғана бөліп тұр. Жанкүйерлерге өз жүйрігін таңдау мүмкіндігі әлі де бар. Барлық аталым бойынша ұсынылған бапкерлер мен спортшылар биылғы маусымның сөзсіз қаһармандары саналады.

Өйткені, шорт-листке олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялардан келіп түскен өтінімдер ғана қабылданды. 

Салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2018 жылдың 4 желтоқсанында өтеді. Жүлденің телевизиялық нұсқасын Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу