Құттықтау сөз комитеттің ресми сайтында жарияланды:
"Қадірлі Тимур Асқарұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы бір қуанышты күнде зор денсаулық, мол бақыт және табыс тілеуге рұқсат етіңіз. Еліміздегі Олимпиадалық қозғалыс дамуының оң өзгерістерін алғаш боп сезінген Қазақстан ұлттық құрама командаларының бапкерлері мен спортшылары да бұл тілекке қосылады. Ұлттық Олимпиадалық комитет аз уақыт ішінде Қазақстан мен әлемдегі спорттық қоғамдастықтар ерекше атап өтетін табысқа қол жеткізді. Күн сайын отандық спорттың дамуы жолында еңбек ететін біз бұл команданың бір бөлшегі екенімізді мақтан тұтамыз. Сіздің қамқорлығыңыздың арқасында біздің атлеттердің жеңісі арта түсетініне, ал әлемдік спорт тарихына есімін алтын әріппен жазатын қазақстандық чемпиондар қатары көбейетініне сенімдіміз! Өз қызметіңізде жаңа шыңдарды бағындырып, үлкен жеңістерге жетуіңізге тілектеспіз! Құрметпен, Қазақстанның Олимпиадалық командасы".