Уолт Дисней өз қолымен сызған алғашқы карта 708 мың АҚШ долларына сатылды

1167

Уолт Дисней өз қолымен сызған алғашқы карта 708 мың АҚШ долларына сатылды

Әлемдегі тұңғыш тақырыптық ойын-сауық орталығы болып отырған Диснейлендтің Уолт Дисней өз қолымен салған алғашқы жоспар-нобайы АҚШ-та өткен аукционда 708 мың долларға сатылды. Бұл туралы abctv.kz хабарлайды.

Аталған жоспар-нобай әлі парк салынбаған кезеңде, яғни, 1953 жылы Диснейдің өзі мен көмекші суретші тарапынан инвесторларға таныстыру үшін әзірленген екен.

Атақты мультипликатор өзі армандаған жобасының қаржыландырылуын көздеді және бұл мұратына қол жеткізді. Атап айтқанда, 1955 жылы жоспар-нобай жүзеге асырылып,

Калифорнияның оңтүстігіндегі Анахайм қаласында ойын-сауық орталығы ретінде Диснейленд кешені бой көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу