Уоррен Баффет 1,2 миллиард долларды қайда жұмсамақ?

144

Бизнесмен қайтыс болғаннан кейін оның үш баласы қайырымдылыққа ақша аударуға жауапты болады. 

Уоррен Баффет 1,2 миллиард долларды қайда жұмсамақ? Фото: РБК

Американдық миллиардер және инвестор Уоррен Баффет өзі құрған Berkshire Hathaway инвестициялық компаниясының шамамен 1,2 миллиард долларды құрайтын акцияларын 4 отбасылық қайырымдылық ұйымына  беруге шешім қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Компания таратқан хабарламада, дүйсенбіде Баффет өзіне тиесілі "А" класындағы 1,6 мың Berkshire акциясын "B" класындағы 2,4 миллион акцияға айырбастаған. Оның 1,5 млн қағазы әйелінің атымен аталған Susan Thompson Buffett Foundation қорына және 300 мың акциядан балаларының Sherwood Foundation, Howard G. Buffett Foundation және NoVo Foundation қорларына берілмек.

Berkshire "B" класындағы акциялар дүйсенбіде 481 доллар деңгейінде сатылған.  Осы жылдың басынан бері  олардың құны шамамен 35%-ға өскен.

Кәсіпкер 2006 жылдан бастап жыл сайын қайырымдылыққа Berkshire акциялары түрінде үлкен қаражат бөліп келеді. Ол бұған дейін байлығының 99%-ын осы мақсаттарға беруге уәде еткен болатын.

94 жастағы Баффет, былтыр оның үш баласы ол қайтыс болғаннан кейін оның байлығын қайырымдылыққа беруге жауапты болатынын айтқан болатын.  Қазіргі уақытта бизнесменге Berkshire-дің "А"  класындағы 206,363 мың акциясы тиесілі, олардың құны шамамен 148 млрд долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу