Әлемдегі ең бай адамдардың бірі өз компаниясынан кететін болды

163

Дүниежүзіндегі ең бай адамдардың бірі саналатын 94 жастағы әйгілі америкалық инвестор және кәсіпкер Уоррен Баффет 2025 жылдың соңына қарай Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры қызметінен кететінін жариялады.

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі өз компаниясынан кететін болды Фото: msn.com

Бұл туралы Баффет компания акционерлерінің жыл сайынғы жиналысында айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Миллиардер қызметін өзінің орынбасары, вице-президент Грег Абельге тапсырмақ. Осылайша, Berkshire-тің 60 жылға созылған "Баффет дәуірі" аяқталғалы тұр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Баффеттің бұл шешімі жиналған инвесторлар үшін күтпеген жаңалық болды. Баффет қаржы әлемінде "Омахалық сиқыршы" деген лақап атпен танымал.

Уоррен Баффет Berkshire Hathaway компаниясын 1965 жылы басқаруға келген. Ол кезде компания қарапайым тоқыма кәсіпорны болған. Алайда Баффеттің көреген басқаруының арқасында Berkshire әлемдегі ең ірі инвестициялық холдингтердің біріне айналды.

Forbes Уоррен Баффеттің жеке байлығын қазір 168 млрд долларға бағалап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу