Уоррен Баффеттің инвестициялық компаниясы Ultra Beauty және Heico акцияларын сатып алды

194

Компания тағы екі компаниядағы үлесін арттырды.

Уоррен Баффеттің инвестициялық компаниясы Ultra Beauty және Heico акцияларын сатып алды Фото: Bill Pugliano / Getty Images

Америкалық миллиардер Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway Inc. инвестициялық компаниясы екінші тоқсанда Ultra Beauty Inc. косметика және парфюмерия дүкен желісі және Heico Corp аэроғарыш компоненттерін жеткізуші операторының акциялар пакетін сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек инвестициялық компания Chubb Ltd. және Occidental Petroleum компанияларындағы үлесін арттырды.

Өткен тоқсанда инвестициялық компания Ultra Beauty-дің 690,106 мың акциясын және Heico-ның 1,04 миллион бағалы қағазын сатып алды. Маусым айының соңында Ultra Beauty акцияларының құны 266 млн долларды құраса, Heico акциялары 247 млн долларға тең.

Өткен тоқсанда Berkshire мұнай-газ өндірумен айналысатын Occidental Petroleum компаниясының 7,2 миллион акциясын сатып алды.

Бұдан басқа Уоррен Баффеттің инвесткомпаниясы Chubby компаниясының 1,1 миллионнан астам акциясын сатып алды.

Berkshire екінші тоқсандағы есепте Apple Inc. акцияларының жартысына жуығын қысқартқанын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу