ҰОС ардагеріне "тосын сый"

607

Ақтөбе дүкеніндегі фотоальбомда Гитлердің суреті мен свастика бейнеленген болып шықты.

ҰОС ардагеріне "тосын сый"

Ақтөбелік азамат қаладағы дүкендердің бірінен отбасылық фотоальбом сатып алады. Оған отбасы мүшелерінің, соның ішінде, Ұлы Отан Соғысының ардагері, қан майдандағы ерлігі үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған атасының да суреттерін салып сақтап қоймақ екен. Алайда, фотоальбомның сыртында Гитлердің суреті бар маркалар мен нацистер белгісі саналатын свастика бейнеленген болып шықты. Бұдан бөлек, неміс тілінде жазылған жазулар да бар. Мұндай тиым салынған белгілердің сауда орнына қалай тап болғаны белгісіз. 

"Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы дүкен иелеріне түсіндуру жұмысын жүргізді, фотоальбом саудадан алынып тасталды", – дейді облыс әкімідігінің баспасөз қызметінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу