ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңгеден материалдық көмек берілді

736

ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңгеден материалдық көмек берілді

Таразда ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек аударылды. Бұл жайлы Жамбыл облысының өңірлік коммуникация қызметінде хабарланды.

Қазір Тараз қаласында 68 ҰОС ардагері мен мүгедек, 232 ҰОС ардагері мен мүгедектің жесірлері, 128 тыл қызметкері тұрып жатыр. Қала әкімдігі осы адамдардың барлық проблемасына үнемі көңіл бөледі.

Жеңіс күнінің 72 жылдығын тойлау қарсаңында қалалық бюджеттен әрбір ҰОС ардагері мен мүгедегінің жеке шотына 150000 теңге біржолғы материалдық көмек аударылады, сондай-ақ ҰОС ардагерінің жесірлеріне – 15000 теңге, тыл қызметкерлеріне 15000 теңге ақша аударылады.

Таразда Жеңіс күнін атап өту ескерткіштерге гүлшоқтарын қоюдан басталады. Қала көшелерінен әскери-патриоттық бірлестіктердің бастамасымен құрылған "Қаһарман ұлт" жалпы республикалық шеруі ұйымдастырылмақ. Іс-шараның мақсаты – Отан үшін ұрыс даласында жан қиған майдангерлерді, сондай-ақ соғыстан оралып, бейбіт өмірде еліміздің дамуына үлес қосып, өмірден кеткен ардагерлерді де еске алу.

Қазір Жеңіс күнін тойлау қарсаңында қаланың барлық кәсіпорны мен мекемесінде, оқу орнында, мектебінде ерлік сабақтары, кураторлық және сынып сағаттары, дәрістер, ҰОС ардагерлерімен және мүгедектерімен кездесу, қайырымдылық акциялары өткізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу