ҰОС ардагерлеріне 181 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі

694

ҰОС ардагерлеріне 181 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қызылорда облысында Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс басталып кетті, деп хабарлайды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Облыста бүгінде 51 ҰОС ардагері мен мүгедегі және 5903 тыл еңбеккері бар. Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 415,3 млн теңге қаражат бөлінген, оның ішінде: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 181520 (80 АЕК) теңгеден, соғыс жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСРО ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға 113450 (50 АЕК) теңгеден беріледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде 6 ай қызмет еткен азаматтарға 68070 теңге (30 АЕК) мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні әлеуметтік көмекті төлеу жұмысы басталды, сәуір айының соңына дейін ардагерлердің жеке шотына толығымен аударылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу