Жыл басынан бері еліміздегі ардагерлерге 1 млрд теңгеден астам материалдық көмек берілді. Тарқатып айтсақ, 40 мыңға жуық ардагерге 838,2 млн теңге жәрдемақы төленді. Сонымен қатар, 8 мыңнан аса қарияның 206 млн теңгеге комумуналды төлемдері өтелді. 821,3 мың теңгеге 52 ардагерге жанармай үлестірілген.
Бұдан бөлек, 56 мыңнан аса ардагерге 11,8 млн теңгеге дәрі-дәрмек беріліп, 5800-іне қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру үшін 30,6 млн теңге бөлінген. Тіпті 476 ардагердің тісін емдеуге де 11,8 млн теңге жұмсалған. Бөлінген ақшаның 971 миллионы жергілікті бюджеттен шықса, қалған 125 миллионды демеушілер берген.
Автор: Әнуар Кәрбозов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу