ҰОС секілді ең қанқұйлы соғыстың қайталануына жол бермеу керек – Тоқаев

880

Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс. Майдан даласында Қазақстаннан аттанған әрбір екінші сарбаз опат болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ҰОС секілді ең қанқұйлы соғыстың қайталануына жол бермеу керек – Тоқаев

"80 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Ол адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс еді. Майдан даласында Қазақстаннан аттанған әрбір екінші сарбаз опат болды. Көз жұмған батырлардың есімі халық жадында мәңгілік қалады", - деп жазды Президент твиттердегі парақшасында.

Мемлекет басшысы сөзін "біздің міндет – мұндай трагедияның қайталануына жол бермеу" деп аяқтаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу