"Урал Мото" Қазақстанға көшіп келмейді, жаңа зауытын ашады

713

Кәсіпорын Ресейдің Свердлов облысындағы Ирбит қаласында жұмыс істеп жатыр. Ал Қазақстанда ашқан жаңа зауыты өнімді Батыс елдеріне экспорттауға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме беріп.

"Урал Мото" Қазақстанға көшіп келмейді, жаңа зауытын ашады

Бұл туралы Ресей мен ТМД-дағы "Урал Мото" өкілдігінің директоры Денис Кузнецов "Мәскеу айтады" радиостанциясының эфирінде айтқан.

"Бізді дұрыс түсінбеген секілді. Өндірісті кеңейтіп жатырмыз. Біз Қазақстанда екінші өндірістік алаңды ашып отырмыз, өйткені бізде мотоциклдердің 95%-ы экспортқа кетеді. Ресей Федерациясындағы кейінгі оқиғаларға байланысты біз мотоциклдерді экспортқа жібере алмаймыз. Бұл ретте Ирбиттегі зауыт толық көлемде жұмысын жалғастырып жатыр. Ондағы өнім Ресейге, ТМД-ға барады. Ал Қазақстаннан Америкаға, Австралияға, Еуропаға экспортқа шығарылады", – деген екен Кузнецов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу