Уранның споттық бағалары жыл басынан бері төмендеуде. Өткен аптада уран бағасы 5 пайызға құлдырады, деп хабарлайды Интерфакс.
Ux Consulting Co (UxC) консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, тікелей жеткізілетін уран тотығының концентраты (табиғи уранды өңдеу кезіндегі аралық өнім) 29 қаңтардағы қорытынды бойынша бір фунт үшін 22 доллар деп бағаланды. 22 қаңтардағы апта соңындағы баға бір фунт үшін 23,15 доллар шамасында тіркелген еді.
Уранның негізгі көлемі ашық нарықта ядролы отын тұтынушылары мен өндіруші компаниялар арасындағы ұзақмерзімді келісім-шарттар негізінде сатылымға шығарылады. Қатысушыларының қатарында қаржы инвесторлары бар споттық нарықта шикізаттың аздаған бөлігі 12 айлық мерзім ішінде саудаланады. Баға белгіленімі UxC және TradeTech-те жарияланады.