Уран өндірісінің жоспарына өзгеріс енгізілді

716

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның операциялық және қаржылық көрсеткіші 54%-ға артты. Бұл туралы ұлттық компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Камила Сыздықова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Уран өндірісінің жоспарына өзгеріс енгізілді

"Есептік кезеңде операциялық пайда 30%-ға өсті", – деді бас директор бірінші жартыжылдықтың қаржылық нәтижесін жариялау барысында.

Камила Сыздықованың сөзінше, COVID-19 уран өндіруші кәсіпорындардың қызметіне кері әсерін тигізді. Салдарынан уран өндірісінің жоспарына өзгеріс енгізілді. 

"Біз өндіру көлемін тағы бір жыл 20%-ға қысқартатын болдық. Бұл шешім 
2023 жылға қарай уран өндірісінің болжамды көрсеткішін 5 мың тонна кем өндіруге себеп болады", – деді бас директор.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу