Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшері өзгереді

161

Уранның орташа өлшенген бағасына байланысты сараланған ставкалар енгізіледі.

Уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшері өзгереді Фото: Цензор.НЕТ

ҚР Мемлекеттік кірістер департаменті уранға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" "Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі №105-VIII өзгерістер енгізілді. Онда экономиканың тау-кен металлургия секторының жер қойнауын пайдаланушылары үшін өндірілген уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін (ПҚӨС) 2 кезеңмен арттыруды көздейді", - делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген уран ПҚӨС мөлшері 6-дан 9 пайызға дейін артады. Бұдан әрі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық өндіру көлеміне және уранның орташа өлшенген бағасына байланысты уранға сараланған ставкалар енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу