Уранның споттық бағалары жыл басынан бері алғаш рет өсім көрсетті

813

Уранның споттық бағалары жыл басынан бері алғаш рет өсім көрсетті

Өткен аптада уран бағасы 1,1 пайызға өсті, деп хабарлайды Интерфакс.

Ux Consulting Co (UxC) консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, тікелей жеткізілетін уран тотығының концентраты (табиғи уранды өңдеу кезіндегі аралық өнім) 5 ақпандағы қорытынды бойынша бір фунт үшін 22,25 доллар деп бағаланды. 29 қаңтардағы апта соңындағы баға бір фунт үшін 22 доллар шамасында тіркелген еді.

Уранның негізгі көлемі ашық нарықта ядролы отын тұтынушылары мен өндіруші компаниялар арасындағы ұзақмерзімді келісім-шарттар негізінде сатылымға шығарылады. Қатысушыларының қатарында қаржы инвесторлары бар споттық нарықта шикізаттың аздаған бөлігі 12 айлық мерзім ішінде саудаланады. Баға белгіленімі UxC және TradeTech-те жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу