Үрімшіде Қазақстан мен Қытай көлік-логистикалық компанияларының кездесуі өтті

657

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады.  

Үрімшіде Қазақстан мен Қытай көлік-логистикалық компанияларының кездесуі өтті Фото: gov.kz

Үрімші қаласында Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания қатысты.

ҚХР делегациясын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі хатшысының орынбасары Льфан Жю бастап барды.

Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды.

Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің басшысы, Астана және Алматы қалалары әуежайларының өкілдері Үрімші Дивопу халықаралық әуежайын аралады. Қазақстандық делегацияға Қытайдың шекаралас аймағының әуе айлағын дамыту бағдарламасы таныстырылды.

Жалпы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 28 әуежай бар. Үрімші қаласының әуежайы аймақтағы алдыңғы қатарлы нысан болып табылады. Өткен жылы 26 миллион жолаушыға қызмет көрсетілген. Тұрақты рейстерді 30 авиакомпания 200-ден астам ішкі және халықаралық бағыттар бойынша орындайды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын дамыту жөнінде уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу