"Urker" - 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

412

Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады. 

"Urker" - 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды Фото: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын "URKER" – 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.

Өтінім қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шықан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты
  • Жылдың үздік репортажы
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  • Радиостанциядағы үздік жоба
  • Жылдың үздік фотосуреті
  • Үздік өңірлік БАҚ
  • Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)
  • Үздік подкаст
  • Үздік YouTube каналы

Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, "URKER" - 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу