Конкурстық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.
Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік репортажы
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік фотосуреті
- Үздік өңірлік БАҚ
- Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)
- Үздік подкаст
- Үздік YouTube каналы
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "ҮРКЕР" – 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
"URKER" – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.