Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы Urker-2021 ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Марапаттау салтанатын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ашты.
Сондай-ақ министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Astana Media Week форумына қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Биылғы бәйгеде баспа және интернет-журналистика саласындағы журналистер 6 аталым бойынша бақ сынады.
Жеңімпаздардың тізімі мынадай:
"Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz.
"Жылдың үздік репортажы": Анар Қоныс – Aikyn.kz.
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz.
Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz.
Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы – "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті.
Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – "Маңғыстау" газеті.
Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz.
Сондай-ақ қазылар алқасының шешімі бойынша "URKER-2022" ұлттық сыйлығының аясындағы арнайы сыйлықтар мына журналистерге бұйырды.
Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия: Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz.
Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия: Қали Сәрсенбай – "Ана тілі" газеті.
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия: "Қырғыз әдебиеті" жобасы – "Таң-Шолпан" журналы.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, "URKER – 2022" естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталды.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры.
"URKER" – баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.