Ұрланған 14 мың малдың 6 мыңы ғана қайтарылған

1028

3 күнде малын қараусыз жіберген тұрғындарға 500 мың теңге айпыппұл салынған.

Ұрланған 14 мың малдың 6 мыңы ғана қайтарылған

Полицейлер мал ұрлығын мал иелерін тәртіпке келтіру арқылы қысқартпақшы, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Мал ұрлығына тойтарыс беру үшін өткізілген 3 күндік шара кезінде 224 мал ұрлығы ашылып, малын қараусыз қоя берген 1362 адамға хаттама толтырылған. Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев ІІМ-нің брифинг алаңында осындай ақпарат берді.

"23-25 ақпанның аралығында кезекті республикалық жедел профилактикалық шара өткіздік. Соның аясында 224 мал ұрлығы ашылып, 192 тұлға ұсталды. 610 ауылшаруашылық жануары табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Шара барысында 3 мыңға жуық көлік тексерілді. Мал мен мал етін сәйкес құжаттарсыз тасымалдаған 412 көлік әшкереленді. Ет сатылып келген 1882 орын, 4000-ға жуық шаруа қожалығы мен қыстау нүктелері анықталды. Мал жою тәртібін бұзғаны үшін 1362 хаттама толтырылып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деген полиция өкілі бес жылда мал ұрлығы 38 пайызға қысқарғанын мәлімдеді.

"Жедел топтар мал соятын нүктелер мен мал базарларда ұдайы рейд жүргізіп тұрады. Осындай шаралардың арқасында 2020 жылы 1,5 мыңнан астам мал ұрлаушы ұсталды. Оның ішінде 211 ұйымдасқан топ бар.  Ұрланған 14 мың бас малдың 6 мыңнан астамы табылып, иелеріне қайтарылды. Ал жыл басынан бері 100-ден астам ұры мен 19 ұйымдасқан топ ұсталды. Мысалы, Жамбыл облысында 30 бас жылқы ұрлаған топ қолға түсті. Ал Қарғанды облысында ақпан айында 4 рет 50 бастан астам жылқы ұрлаған топтың жолы кесілді", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу