Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбылдық полицейлер Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеу жұмыстарын әлі де үздіксіз жүргізуде.
Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын тездетіп, ұрланған қаруларды қайтаруға ұмтылуда. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет дейді полицейлер.
Сондықтан Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертуде.
Ардақ Үсейінова