Ұрланған 500 кәріз құдығы қақпағының бірі де табылмаған

1323

Ұрылар із суытып үлгірсе, металл қабылдау орындары жасырып үлгереді.

Ұрланған 500 кәріз құдығы қақпағының бірі де табылмаған

Ақтөбеде жыл басынан бері 500 кәріз құдығының қақпағы қолды болған. Коммуналдық кәсіпорын басшыларының айтуынша, ұрланған қақпақтардың біреуі де табылмаған, деп хабарлайды 24.kz.

Қақпақ ұрлығы мекемені біраз шығынға батырса, екіншіден, тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді. Қазір қалада арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар металл қабылдайтын орындарды тексереді. Егер мұндай орындарда кәріз қақпағы табылатын болса, қожайыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ұрылар із суытып үлгірсе, металл қабылдау орындары жасырып үлгереді. Кезекті рейд кезінде жеке тұрғын үй секторы да тексерілді. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, жеке үйлердің иелері өздеріне тиесілі құдықтардың бетін жаппайды. 12 әкімшілік хаттама толтырылып, жауапты адамдарға ескерту жасалған. Тексеру жұмыстары жалғасады.

"Әзірше табылған жоқ. Қазіргі табылған электр желі тоқтары, қоршаулар, қоқыс контейнерлері табылды. Бүгінгі күнде Ақтөбе қаласы аумағы бойынша 399 ашық құдық анықталса, оның 318-і жабылды. Қазіргі таңда қиын болып тұрғаны жеке құдық иелері. Қазір соған байланысты жергілікті полиция қызмет өкілдері, қалалық әкімшілік, коммуналдық  мекеме мамандары өкілдерімен тиісті шаралар қолданып жатыр", – дейді қала әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Бекзат Тұрғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу