Ақтөбеде ұрланған аккумуляторлар металл қабылдау бекетінен табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Полиция қызметкерлері "Металл" жедел алдын алу шарасын өткізіп, Ақтөбе қаласы Жанқожа батыр көшесінде орналасқан металл қабылдау бекетін тексерді. Контейнерден 52 аккумулятор табылды. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Ұрланған аккумуляторлар металл қабылдау бекетіне тапсырылады. Мәселен, жедел алдын алу шарасы кезінде 22 жастағы ақтөбелік ұсталды. Күдікті көбіне ресейлік көліктердің аккумуляторын ұрлаған. Ол үш көлікті оңай ашып, ұрлақ жасағанын мойындады. Барлық дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.