Ұрланған ақша қазынаға қайтарылды

822

Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1,8 миллиард теңгені мемлекет қазынасына қайтарып алды.  

Ұрланған ақша қазынаға қайтарылды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің деректері бойынша, бұл осы жылдың басынан бастап бюджетке келтірілген материалдық залал.

"Департамент осы уақыт ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша 87 іс қарап, оның 28-і бойынша айыпталушыларды жауапкершілікке тарту үшін сотқа берілді. Ведомство сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою бойынша 189 ұсыным енгізді, осылайша заңсыз төленген 437 мың теңге бюджетке қайтарылды", – деді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.

Соңғы уақытта облыс тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсене қатыса бастағанын атап өту керек. Жыл басынан бері облыстың алты тұрғыны сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін миллион теңгеге жуық сыйақы алды.

Алмас Қылыш

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу