Қостанай облысының тұрғыны көлік ұрлап онымен такси қызметін көрсетіп келген. Бұл туралы top-news.kz порталы жазды.
Портал жария еткен мәлімет бойынша, Қостанай облысына қарасты Қостанай ауданындағы Затобол ауылының тұрғыны көлік ұрлағаны үшін бұрын да сотталған болып шықты. Наурыздың жетісінен сегізіне қараған түні арнайы жасақ өкілдері мінген шолғыншылар патрулі мен жол полициясы қызметкерлері көлік ұрлаған азаматы қолға түсірді. Күдікті көлікті қолды қылғанымен қоймай, онымен біршама нәпақа табуды да жөн санап, облыс аймағында такси қызметін көрсетіп жүрген. Қостанай облыстық ІІД-нің арнайы жасағының аға лейтенанты Александр Поповтің айтуынша, Затобол ауылынан көк түсті "Дэу Нексия" көлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен кезде олар Қостанайдың солтүстігінде кезекшілікте жүрген.
"Біз көлік ұраланғаны туралы хабарды естіген соң түнгі сағат 2-00-дер шамасына жергілікті дәмханалардың бірінің жанынан ұрланған көліктің келбетімен шамалас автомобильді көреді. Біз көлікті тоқтатқанда оны Затобол қаласының 25 жасар азаматы жүргізіп келе жатқан және ол өзінің такси жүргізушісі екенін және қала сыртына қарай кетіп бара жатқанын айтты. Ол бұрын да көлік ұрлағаны үшін бірнеше мәрте сотталған адам болып шықты",-деді Попов.
Ұсталған азамат өзінің жасаған заңсыз әрекеттерін алдымен мойындамай қойған. Полиция қызметкерлері оны "Арман" стационарлық бекетіне алып келіп, істің мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру тобын шақырған. Жыл басынан бері Қостанай облысында 22 көлік ұрлығы ашылған.