Ұрланған көліктің 223-і ТМД елдерінде табылған

872

Соңғы 15 жылдың ішінде елімізде 40 303 автомобиль ұрланған. Оның 223-і ТМД елдері аумағында табылса, тек 66-сы ғана иесіне қайтарылған.

Ұрланған көліктің 223-і ТМД елдерінде табылған

Бұл деректі Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста келтірді.

"Қаншама қазақстандық көліктер ТМД елдерінде жүр? Ұрылар белгілі бір көліктің сыңарын айнытпай жасап алады. Тіпті VIN-коды да бірдей болады. Сөйтіп көліктіі "заңдастырып" ала қояды. Ал мұндай ақпараттар ұрылардың қолына қалай түсіп жүр? VIN-кодты кім сатты оларға? Демек, осы саламен айналысатын адамдар таза емес. Бұл жұмысқа жұмысын адал атқаратын, ниеті таза адамдарды отырғызу керек", – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы автокөлікті ұрлау, оны айнытпай жасау погон таққандардың көмегінсіз жүзесе асырылмайтынын айта келе, бұл салаға қатаң тәртіп орнатуды Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа тапсырды.  

Еске сала кетейік, бүгін , Мәжілісте "2005 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланып мақұлданды.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу