Ұрланған мал иесіне қайтарылды

737

Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде кең таралған қылмыс түрлерінің бірі мал ұрлығы. 

Ұрланған мал иесіне қайтарылды

Павлодар облысында ұрланған мал өз иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың ең жиі себебі – еркін жайылымдарда жайылып жүрген малдың қадағалаусыз болуы. Мәселен, биылғы жылдың 1 қазанында Май ауданының ПБ полициясына ауданның 52 жастағы тұрғыны жайылымдық жерден бес бас ұсақ мал ұрланғаны туралы арызданған. Жиналған материалдар полиция қызметкерлеріне бұл қылмысты "ізін суытпай" ашуға мүмкіндік берді. Сол күні көрші ауылда тұратын 29 жастағы ер адам анықталды. Мал иесіне аман – есен қайтарылды.

Сонымен қатар, полиция халыққа сіздің шаруашылықтарыңыздағы малдың сақталуына бақылауды күшейту қажеттігі туралы ескертеді.

Әсіресе автомобиль жолдарының жанында ірі қара мал немесе жылқылар көбінесе жол апаттарының себепшісі болады.

Айта кетейік, 2020 жылдың тоғыз айында Павлодар облысының аумағында мал ұрлығының 56 фактісі тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу