Ұрланған тағы 1 трлн теңге Қазақстанға қайтарылады

212

Активтерді қайтару комитеті активтерді ерікті түрде қайтару туралы 50-ден астам келісім жасасты. 

Ұрланған тағы 1 трлн теңге Қазақстанға қайтарылады Фото: canva.com

Бұл туралы аталған комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KAZINFORM басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытқа дейін арнаулы мемлекеттік қорға шамамен 188 млрд теңге түсіп, басқарушы компанияға 87 млрд теңгенің активтері табысталды.  

– Бүгінде біз комиссияның мақұлдауымен активтерді ерікті түрде қайтару туралы 50-ден астам келісім жасастық. Жалпы сомасы шамамен 1 трлн теңгеден асады. Активтердің беруге дайындалуы, бағалануы тиістігі, тәуелсіз сараптама, аудит жүргізілуі қажеттігі түсінікті. Бұл аудит егер жоғары табыс болса, онда жоғары табыстың есебін зерделеуі қажет. Яғни, активтерді берудің өзі келісімшарт жасалған сәттен жүзеге асырылмайды, белгілі бір уақытта алады, – деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оның атап өтуінше, активтерді ерікті түрде қайтару құпталады.

– Егер субъект ниет танытып, бізге келісім процедурасын жүргізу және ерікті түрде қайтару немесе акивтер мен мүліктерді беру туралы өтініш білдірсе, біз тиісті жұмыс істейміз. Біз жұмыс істеп жатқан заңға ілігетін субъектілердің басым бөлігі осы жолмен жүрді. Екінші жолы бар, ол – мәжбүрлеп қайтару. Комитет сараптамалық тексеру жұмысын жүргізген кезде заңдылықты негізді түрде күдік тудыратын актив анықталатын болса, онда біз сотқа түсініксіз байлыққа байланысты сотқа шағым түсіреміз, – деді комитет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу