Ұрланған ұялы телефондарды саудалағандар тұтқындалды

998

Күдіктілер Алматыда қолды болған смартфондарды Бішкекте сатқан.

Ұрланған ұялы телефондарды саудалағандар тұтқындалды

Алматы полиция департаменті мен қалалық прокуратура ұрланған мүлікті саудалаған қылмыстық топтың жолын кесті. Күдіктілерді тұтқындау операциясы "Қордай" кеден бекетінде жүргізілген. Қазақстанның мемлекеттік шекарасын 1996 жылы дүниеге келген Қырғызстан азаматы "Хонда" маркалы көлігімен кесіп өтпек болған. Темір тұлпарды тінту барысында ешбір құжатсыз, сим картасыз 45 ұялы телефон табылған. 

"Бұл факт сот алды тергеу амалдарының реестрінде 196 баптың, 1 бөлімі бойынша тіркелген. Ал тұтқындалған азамат бұрын пайдаланылған телефондарды сатып алумен жаздан бері айналысып жүргенін айтты. Сонымен қатар ол Алматының "Мега Тау" сауда орталығында байланыс құралын сататын тек бір тасымалдаушыдан ғана тауар алып отырғанын атап өтті. Күдіктінің сөзінше, ол өзінің екі отандасымен апта сайын Алматыға келіп, оншақты смартфон сатып алып, кейін Бішкекте саудалумен айналысқан. Сонымен қатар арнайы жасақ көмегімен Алматыда 1989 жылы туған азамат тұтқындалды. Күдікті мегаполисте қолды болған ұялы телефондарды өзге адамдарға сатумен айналысқанын мойындады. Оның жұмыс істейтін орыныннан 64 ұялы телефон табылды",– деді Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.    

Сондай-ақ полиция департаменті ұрланған телефондарды қайтару жұмыстарын жүргізбек. 

"Тұтқындалғандар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Жақын арада қолды болған байланыс құралдарын Алматыға қайтару жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетсек, бірнеше жыл бұрын біз Қызғызстан аумағыннан Алматы тұрғындарынан ұрланған 100 ұялы телефонды анықтағанбыз. Кейін олар иелеріне қайтарылған болатын",-деді Қылмыстық полиция басқармасының басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу