Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пәтер ұрлықтарын жасаған Ақмола облысы Қосшы кентінің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бір жарым ай ішінде оның елордада 7 пәтер ұрлығын және Қосшы кентінде 4 пәтер ұрлығын жасағаны анықталды. Қаскүнем үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, құнды заттарды ұрлаған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұры өзімен бірге бірнеше кілттерді алып жүріп, сәйкестендіру арқылы пәтерлерді ашып кіргені анықталды. Ол көбінде электронды техника, бағалы тондарға, бас киімдерге, алтын және күміс бұйымдар мен ақшаға қызығушылық танытқан. Ұрланған заттарды сатып жіберген.
– Қараша айында ол алтын бұйымдары бар сейфті ұрлап кеткен. Түскі уақытта Манас көшесіндегі пәтерден 1,2 млн теңгеден астам сомаға екі ноутбук ұрлаған. Аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Астана қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейдi Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев.