Ұры түскен Лувр мұражайы енді лас суға толды

333

Жүздеген құжат бүлінді. 

Ұры түскен Лувр мұражайы енді лас суға толды Фото: РИА Новости

Париждегі Лувр мұражайының кітапханасын лас су басты. Салдарынан 300-400 құжат бүлінген. Оқиға қараша айының соңында ескі құбырлардың жарылуынан болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

"Су басу Мысырдың көне жәдігерлері департаментінің кітапханасындағы үш залдың бірінде болды. Бүгінгі таңда 300-400 құжаттың зақымданғаны белгілі болды, толық есеп жүргілуде. Құбырдағы ақаудың салдарынан бұл еңбектер су болған. Оларды сыртқа шығардық, әр бетін кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді музейдің бас әкімшісінің орынбасары Франсис Стейнбок.

Белгілі болғандай, мерзімді және анықтамалық басылымдар, археологиялық журналдар ғана зардап шеккен. Ең ескі басылымдар XIX ғасырдың соңына тиесілі, ал қалғаны XX ғасырдың басында жарыққа шыққан.

Франсис Стейнбок музейде желдету және жылыту жүйесінде мәселелер бар екенін айтты. Оның айтуынша, зардап шеккен музейдің бөлігінде осы жүйені жаңарту жоспарланған.

Оқиға 26 қарашада болған. BFMTV хабарлауынша, клапанды қате ашу салдарынан кітапхана залын лас су басқан. 

Айта кету керек, бұған дейін Францияда Луврды тонады деп күдікке ілінгендердің бәрі қамауға алынғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу