Ұрылар жылқы ату үстінде қолға түсті

1184

Атыраудың Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлаумен айналысқан екі күдіктіні ұстады.

Ұрылар жылқы ату үстінде қолға түсті

Жергілікті инспекторлар Дыңғызыл ауылын айналып өту кезінде оқтың даусын естіп, дереу оқиға болған жерге барған. Қызметкерлерді көріп, ВАЗ 2106 маркалы көліктегі екі ер-азаматтың қашпақ болған ойлары жүзеге аспай қалды. Инспекторлар сол жерде атылған жылқыны тапқан. Сондай-ақ, тіркелмеген қару және өзге де ұрып-соғуға арналған заттарды тәркілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу