Ұрының "кәсібилігі" пайдаға асты

743

Жазасын өтеуші көлікте қамалып қалған бір жасар баланы құтқарды.

 Ұрының "кәсібилігі" пайдаға асты

АҚШ-тың Флорида штатында көлік ұрлағаны үшін жазасын өтеп жүрген қылмыскер есігі құлыптанып қалған автомобильден бір жасар баланы алып шықты, деп хабарлайды Lenta.ru 

Қыздың әкесі көліктің кілтін салонда ұмытып кетіп, есікті  сыртынан жапқанда, есік автоматты түрде құлыптанып қалған. Ата-анасы терезені таспен сындырмақ болады. Бұны көшеде қоғамдық жұмысқа жегілгендерді қадағалап жүрген шериф байқап қалып, қылмыскердің біріне көмек беруге рұқсат береді.

Көлік ұрлап, қолға түскен қылмыскер сымнан кілт жасап, екі минут ішінде баланы бостандыққа шығарды.

Округтың шерифі Крис Нокко бұны "қылмыскерлердің "кәсібилігі" пайдаға асқан ерекше оқиға болды" дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу