"Ұрып өлтірген": Ақтөбеде 4 жасар баланың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

569

Күдікті – баланың әкесі.  

"Ұрып өлтірген": Ақтөбеде 4 жасар баланың өліміне қатысты сот өтіп жатыр Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында төрт жасар Данил Ахуновтың өлімі бойынша алдын-ала сот тыңдауы өтті. Баланың әкесі Артур Ахуновқа Қылмыстық кодекстің "Жас баланы өлтіру" бабымен айып тағылып отыр.

"2022 жылдың 23 желтоқсанында Артур Ахунов ұлымен бірге жалдамалы пәтерде болған. Ұлының салқын тиіп ауырған бала мазасы қашып, әрі әжесінің үйінде қалған бауырларын іздеген қылығына шыдамай, кәмелеттік жасқа толмаған ұлын ауыр затпен басынан-самай тұсынан, қолымен ішінен ұрған. Есі танып құлаған бала сол жерде қайтыс болады. Келесі күні сағат 23:00-дің шамасында қылмысының ізін жасыру, қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында баласының мүрдесін қаланың шетіне апарып, тереңдігі екі метр болатын шұңқырға көмген. Ол жерді алдын-ала дайындап қойған. Жерді қазуға 20 мың теңгеге экскаваторды жалға алып, жүргізушісіне шұңқырға жөндеу жұмыстарынан қалған құрылыс материалдарының қалдығын көмемін деп өтірік айтқан. Бес күннен соң Артур Ахунов ұлын үйдің ауласында жүрген жерінен жоғалып кетті деп құзырлы орындарға хабарлаған",- деді алдын ала сот тыңдауы кезінде мемлекеттік айыптаушы Саламат Амандықов.

Марқұм 4 жастағы Данил Ахунов – үшемнің бірі. Балалардың шешесін ана құқығынан айырған соң әкесінің қарауында болған. Желтоқсандағы жағдайдан кейін Данилдің сыңары – ұл мен қыз Ақтөбедегі өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау орталығында тәрбиеленіп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу