"Ұрып-соғып, қолын байлап тастаған": Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады

997

Полиция тергеу жұмысын бастады.  

"Ұрып-соғып, қолын байлап тастаған": Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады Фото: Бейнежазбадан

Алматыда көшеге жалаң аяқ шығып, көмек сұраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ол ұлынан зәбір көргенін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видеоны Instagram қолданушысы Елдар Семейғазынов жариялады. 

"Сіздерге мән-жайды түсіндіріп берейін. Қолы байлаулы апай келеді, жалаң аяқ. Оның айтуынша, ұлы "отбасымның арасына түсе бересің" деп ұрып-соғып, үйде қолын байлап ұстаған. Анасы қашып кетеді, жолда ешкім тоқтамайды. Біз қолындағы байлауын шешіп, 102-ге звондадық. Суын беріп, беті-қолын жудық. Жалаң аяқ болған соң аяқ киім беріп, полицияның қолына табыстадық", – деді оқиға куәгері. 

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

"Осы факті бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі тергеу жұмысын бастады. Әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Сонымен қатар, аталған жағдайға қатысты бұған дейін полицияға ешқандай өтініш немесе хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданатыны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу