Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды

372

Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 метр. 

Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды Фото: gov.kz

Әуежайдың ұшу-қону жолағын аэровокзал ғимаратын қайта құру" жобасы 2020 жылы жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Пайдалану басталған кезден бастап, яғни, 2008 жылдан бері Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Облыс орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және т.б. жұмыстар жасалынды.

"Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 метр. Қайта құрудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды.  Осылайша, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier және т.б. санатындағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды", делінген әкімдік хабарламасында.

Туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" авиакомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал "QAZAQ AIR" авиакомпаниясы Астана қаласына әуе рейстері ашылды. Билеттердің бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу