Үржар шаруашылықтары 7 мың гектарға жуық жерінен айрылуы мүмкін

887

Үржар шаруашылықтары 7 мың гектарға жуық жерінен айрылуы мүмкін

Үржар ауданының 4 шаруашылығы 7 мың гектарға тарта жерінен айрылуы мүмкін, деп хабарлайды astanatv.kz.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, аудан әкімдігіндегі тексеруден кейін ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері сотқа талап-арыз түсіріпті. Министрлік өкілдері осыдан 7 жыл бұрын аудан басшылығы жер кодексінің 48-бабын бұзып, шаруаларға жер бергенін алға тосқан. Ал әкімдіктегілер өздерінің бұл әрекеті заңға сай екендігін айтып отыр. Арадағы даудың кесірінен Үржар ауданындағы "Бәтуа" шаруа қожалығы жерінен айрылуы мүмкін. Өйткені АШМ өкілдері кәсіпкерлер жерді заңсыз иемденді деп, сотқа арызданған. Бұған 2001 жылы шаруалардың ешбір аукционға қатыспай-ақ жер алғаны себеп болған.

Осылайша жер кодексі өрескел бұзылды, дейді шенеуніктер. Ал аудан әкімдігі өз ісінің заңға сай екенін айтады. Дәл сол Жер кодексінің 43-бабында әкімдіктің өзі қаулы шығарып, бос жерді инвестициялық агрожобаларға бөліп беруге құқылы екендігі көрсетілген. 7 жыл бұрын осыны басшылыққа алған жергілікті билік енді жоба іске асырылып, егін өнім берген кезде шенеуніктердің өздерін сотқа сүйрегенін түсіне алмай отыр.

АШМ алға тосқан өзгерістер 2015 жылы енгізілген. Ал даулы жер бұдан 4 жыл ерте берілді, дейді Үржар ауданы әкімдігінің өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу