Үржарда 500 мың теңге пара алған ауыл әкімі сотталды

95

Бұл ақпаратты Абай облыстық прокуратурасы таратты.  

Үржарда 500 мың теңге пара алған ауыл әкімі сотталды Фото: gov.kz

Үржар аудандық прокуратурасы ауылдың бұрынғы әкімі қоғамдық жұмысқа бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокуратура сотқа дейін тергеп-тексеріп, шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.

"Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. "Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді", – деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу