Төртінші баласын босануға келген Гүлнәр Қайратқызы ауруханадан аман шықпаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Ана мен бала өлімінінен кейін, ауданның бас дәрігері қатаң сөгіс алып, оның екі орынбасары қызметінен қуылған. Ал медициналық сараптама, әйелдің ішіне қан кету салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Енді марқұмның туыстары кінәлі медицина қызметкерлері заңға сай жазасын алсын, деп талап етіп отыр. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, – деді Абай облысы ПД тергеу басқармасының басшысы Сұңғат Әділбеков.