US OPEN-2020: Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

409

Аталған сында Қазақстан сапынан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі.

US OPEN-2020: Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

31 тамыз күні теннистен "Үлкен Дулыға" қатарындағы ірі турнирлердің бірі - US Open додасы басталады. Аталған сында Қазақстан сапынан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі, деп жазады Olympic.kz. 

Александр Бубликтің алғашқы айналымдағы қарсыласы – ұлыбританиялық Кайл Эдмунд. Ол АТР рейтингінде 44-орында келеді. 

Михаил Кукушкин бірінші кезеңде венгриялық Атилла Балажға қарсы ойнайды. Атилла тамыз айындағы рейтингте 76-сатыға жайғасқан.  Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты биылғы US Open турниріне әлем үздіктерінің біразы қатыспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу