US OPEN-2020: Рыбакина жеңілді, Кукушкин келесі айналымда

478

АҚШ ашық біріншілігі 31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры $ 53 400 000 құрайды.

US OPEN-2020: Рыбакина жеңілді, Кукушкин келесі айналымда

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open теннис бәсекесінің екінші кезеңінде жеңіліп, жарыстан шықты, деп хабарлайды olympic.kz.

Кезекті қарсыласы WTA рейтингінде 95 орында тұрған америкалық Шелби Роджерс болды. Екеуара кездесу 2 сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Ал ерлер арасында бәсекеге түсіп жатқан Михаил Кукушкин US Open жарысында сәтті келе жатыр. Жарыстың екінші кезеңінде ол чилиялық Кристина Гаринаны 6:2, 6:1, 3:6, 4:6, 7:5 есебімен жеңіп, үшінші айналымға шықты. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы австралиялық Джордан Томпсон болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу