Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге үшінші айналымда ұлыбританиялық Оливия Николс – словакиялық Тереза Михаликованың мысын басты.
Данилина – Хромачева 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Бір сағат 25 минутқа созылған матчта екеуі 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Николс – Михаликова 2 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу