US-OPEN: Юлия Путинцева ширек финалда бақ сынайды

407

8 қыркүйек күні теннистен US Open турнирінің ширек финалдық кездесулері басталады.  

US-OPEN: Юлия Путинцева ширек финалда бақ сынайды

Қазақстандық теннисшілер арасынан бұл кезеңге дейін Юлия Путинцева жетті деп жазады Olympic.kz. 

1/4 финалда Путинцева америкалық Дженнифер Брэйдиге қарсы ойнайды. Юлия WTA рейтингінде 35-і, Брэйди 41-і орында. 

Юлия Путинцева бұл кездесуде жеңіске жетсе, турнирдің жартылай финалына жолдама алады. 

Айта кетелік, US Open турниріне Қазақстан сапынан қатысқан Зарина Дияс, Елена Рыбакина, Александр Бублик пен Михаил Кукушкин жарысты аяқтады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу