US Open: Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды

409

Қазақстандық теннисші италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік байқасты.

US Open: Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 78-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлемдік рейтингіде 78-орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:0 есебімен жеңгенімен, екінші сет тай-брейкке дейін ұласып, онда италиялық теннисші басым түсті - 7:6(7:0).

Үшінші шешуі сет те тай-брейкке дейін жалғасты. Онда да Мартина Тревизан жеңді 7:6(10:8).

Қазақстандық теннисші тартысқа толы матч кезінде бір эйсті орындап, үш қос қателік жасады. Ол 19 брейк-пойнттың тек сегізін сәтті пайдалана алды.

Осылайша, қазақстандық теннисші US Open 2023 турнирін аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу